Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев: Сайлаудан кейін елдің бүкіл саяси жүйесі түбегейлі өзгереді 21 қыркүйек 2022, 18:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау циклінің қорытындысы бойынша Қазақстандағы бүкіл саяси жүйені түбегейлі қайта жаңғырту жүзеге асырылатынын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Тоқаев: Сайлаудан кейін елдің бүкіл саяси жүйесі түбегейлі өзгереді Тоқаев: Сайлаудан кейін елдің бүкіл саяси жүйесі түбегейлі өзгереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау циклінің қорытындысы бойынша Қазақстандағы бүкіл саяси жүйені түбегейлі қайта жаңғырту жүзеге асырылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жалпы, кейінгі үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісін қалыптастырғанын айтты.

"Сондықтан мен Жолдауымда сайлау мерзімін жария түрде және ашық айттым. Осылайша, біз басты мемлекеттік институттар – Президент, Парламент, Үкімет және мәслихаттардың бәрін біртіндеп қайта құрамыз", - деді Президент.

Осы бастамалар жарияланғаннан бері бір айға жуық уақыт өтті. Бұл – барлық мәселені байыппен талқылап, жағдайды бағамдауға жеткілікті мерзім, деді Мемлекет басшысы.

"Халық біздің саяси жүйені өзгерту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы түсініп отыр.  

Сондықтан мен бүгін бұған дейін айтылған сайлаудың мерзіміне және Ата Заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым. Осы науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді", - деді Президент.

Президенттің айтуынша, осы арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram