Exit poll-дың қорытындысына сәйкес президент сайлауында Nur Otan партиясынан түскен кандидат өзге үміткерлерден айтарлықтай жоғары дауыс жинаған. Сауалнама нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,13 пайыз даусын жинады. Халықтың сайлауға келу көрсеткіші 77,4 пайызды құрап, 9 миллионнан астам қазақстандық өз таңдауын жасады.Алдын ала мәліметтер жарияланғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сенім білдірген барша отандастарына алғысын білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі кандидаттың сайтына сілтеме жасап.

"Сайлауалды науқан өркениетті әрі жүйелі түрде жүргізілді. Шын мәнінде бұл науқан бағдарламалардың бәсекесі болды. Халық бізге сенім артып, өз таңдауын жасады. Сондықтан алдымызда ауқымды жұмыстар күтіп тұр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол үгіт-насихат кезеңіне қатысқан республикалық қоғамдық штабтың мүшелеріне, барлық белсенді азаматтарға және партия жақтастарына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, электоралды науқанның ауқымы мен технологиялық мүмкіндігін атап өтті.
"Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елімізде де жағдайдың өзгергенін көріп отырсыздар. Әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі болғандықтан Қазақстанға жаһандық оқиғалардың да ықпалы болары сөзсіз. Сондықтан біз еліміздің жарқын болашағы үшін жұдырықтай жұмылуымыз керек", - деді Тоқаев.
Жиналғандарға арнаған сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның бүгінгі жетістіктері Елбасы есімімен тығыз байланысты екенін айтты.
"Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлем мойындаған қуатты, көп ұлтты мемлекет құрды. Біздің ендігі міндетіміз - қолдағы барымызды қадірлеп, жетістіктерімізді сақтап, өрлеу мен жасампаздық жолында болашаққа батыл қадам басу", - деді ол.