Тоқаев Семейге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Семейге келді Видеодан алынған кадр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Сапар барысында Президенттің "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың "Жиделі-Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көретіні айтылады.

Сонымен қатар, Тоқаевтың "Қарағайлы" ықшамауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысатыны айтылады.

"Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, "Абай әлемі" сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады", - деп жазды Берік Уәли.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.48  course up  592.04  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети