01 маусым 2022 19:58

Тоқаев: Шахматты насихаттауға үлес қосқым келеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы балалар фестивалінде балалар арасында шахматты дамыту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің теле-радиокешеніне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бір кездері атақты шахматшы Анатолий Карповпен жиі сөйлесіп, көп нәрсені талқылағанын еске алды.

"Мен балалар арасында шахматты насихаттауға және дамытуға үлес қосқым келеді. Бізге арнайы құрал-жабдық қажет емес. Бізге ұйымдастыру мен қаржылық ресурстарды тарту керек. Бұл біздің қолымыздан келеді. Ойынға қызығатын балалардың көп екенін байқадым. Шахматпен айналысатын балалар зиянды әдеттерден алыс болады", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол шахматшылар қоғамның салауатты бөлігі екенін айтып, шахматты бірге дамытуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети