14 наурыз 2022 | 19:09

Тоқаев шетел валютасы мен алтынды шекарадан шығаруға тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасынан:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі әкету күніне белгілеген бағам  бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған ALTYN BARYS және күмістен жасалған KÚMIS BARYS инвестициялық монеталарын, сондай-ақ, 100 грамнан аса аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынсын.  

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және басқа да  мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді", - делінген қаулыда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети