28 сәуір 2022 | 15:11

Тоқаев ішкі істер министріне бірқатар тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомство жұмысы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомство жұмысы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есеп кезінде не айтылғаны туралы Ақорда баспасөз қызметі жариялады. 

"Еліміздегі криминогендік жағдай туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, қылмыстық істер көрсеткіші 7,6 пайызға төмендеген. Соның ішінде денсаулыққа ауыр зақым келтіру, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы, бұзақылық, алаяқтық және зорлау деректері айтарлықтай азайған.

Қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеп-тексеру, кінәлілерді анықтап, жауапқа тарту, ұрланған қаруларды заңсыз айналымнан алу жұмыстары жөнінде есеп берді.

Қауіпсіздік мәселелерін қоғаммен серіктестік орнату арқылы шешуге негізделген полицияның сервистік моделінің енгізілгенін мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігінің қызметін бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс үдерісін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру жөнінде баяндады.

Үдерістерді жедел басқару үшін Big Data талдау құралдарын пайдалана отырып, криминогендік жағдайды мониторингтеу үшін ІІМ-нің Ахуалдық сараптама орталығының құрылғаны жөнінде айтты.

Қауіпсіздік мәселелерін азаматтық қоғаммен серіктестік орнату арқылы қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны жөнінде мәлімет берді", - делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент полицияның сервистік моделін одан әрі енгізу, елімізде азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма бергені хабарланды.

Мемлекет басшысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілікті қатаңдату қажет екенін ерекше атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети