Тоқаев ШҚО-дағы кейбір аудандарды бөлу туралы Жарлыққа қол қойды

Тоқаев ШҚО-дағы кейбір аудандарды бөлу туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан олысындағы кейбір аудандарды бөлу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан олысындағы кейбір аудандарды бөлу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілсін.

2. Шығыс Қазақстан облысының құрамында:

1) Тарбағатай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында орналасатын Ақсуат ауданы;

2) Көкпекті ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Самар ауылында орналасатын Самар ауданы құрылсын.

3. Орталық мемлекеттік органдар, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдары орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен ұйымдардың іркіліссіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық 2022 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс", - делінген Жарлықта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети