Тоқаев “Швейцария – Қазақстан“ парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев “Швейцария – Қазақстан“ парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті

Мемлекет басшысы "Швейцария – Қазақстан" парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Швейцария – Қазақстан" парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент Қазақстан Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі саналатын Швейцариямен ұзақ жылдардан бері қалыптасқан қарым-қатынасқа ерекше мән беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Швейцарияға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға берік негіз қалағанына назар аударды.

Мемлекет басшысының айтуынша, швейцариялық депутаттар делегациясының елімізге келуі жан-жақты ықпалдастықты одан әрі дамытуға қос тараптың да ниетті екенін көрсетеді.

Бұл ретте өзара түсіністікті нығайтып, екіжақты ынтымақтастықты жандандыруда парламенттік дипломатияның маңызды рөл атқаратынына мән берілді.

"Швейцария – Қазақстан" парламенттік достық тобының үйлестірушісі Филиппо Ломбарди қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Швейцарияның серіктестік байланыстарды кеңейтуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесуде Астана мен Берн арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы іс-әрекеттерді өзара үйлестіру мәселелері талқыланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети