Тоқаев швейцариялық фармацевтикалық концерн төрағасын қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев швейцариялық фармацевтикалық концерн төрағасын қабылдады Фото: akorda.kz/

Мемлекет басшысы швейцариялық Roche Holding AG фармацевтикалық концернінің басқарма төрағасы Кристоф Францты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы швейцариялық Roche Holding AG фармацевтикалық концернінің басқарма төрағасы Кристоф Францты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президентке елімізде қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берілді. Тиісті келісімге бүгін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен Roche Holding AG компаниясы арасында қол қойылды.

Кристоф Франц Президентке қатерлі ісікті анықтаудың инновациялық тәсілдерін игеруге қатысты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.

Сонымен қатар келесі жылы компанияның қолдауымен Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға арналған зертханалық диагностикалық тренинг-орталығын ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ кездесуде Қазақстанда медицина ғылымын дамыту мәселесі де талқыланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети