Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді-мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ерлан Айтаханов 30 шілдеде Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол Ғабидолла Әбдрахымовтың орнын басты, себебі, Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, Әбдірахымовқа көрсетілген саяси сенім түгесілді.