Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі "Ата бейіт" Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі "Ата бейіт" Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сооронбай Жээнбековпен бірге Бішкектегі "Ата бейіт" Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды.
Мемлекет басшылары 1916 жылғы қайғылы оқиға кезінде қаза болғандарға орнатылған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков көрнекті қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қабіріне барып, рухына тағзым етті.