Тоқаев ШЫҰ отырысына қатысып жатыр

14 Маусым, 11:35
3
Тоқаев ШЫҰ отырысына қатысып жатыр -

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19-шы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің отырысына қатысып жатыр. Отырыс Бішкектегі Ала-Арча резиденциясында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамдағы жиындарға қатысады. ШЫҰ кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті аймақтық және Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша сөз сөйлейді.

Сонымен қатар саммитке қатысуға 11 елдің басшылары жиналды. Олардың қатарында: Ресей, Қазақстан, Қытай, Тәжікістан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан бар. Шараның бақылаушылар ретінде Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия президенттері атсалысып жатыр. Сондай-ақ ел басшылары қосылып суретке түсті.

Осыдан кейін мемлекет басшылары арасында жеке отырыс өтті.  

Саммиттегі жаңалықтарыды жариялау үшін 500-ден аса жергілікті және шет елдің журналистері жиналды. Самиттің күн тәртібінде экономика, көлік, сауда келісімі және басқа да салалар бойынша мәселелер қаралуыс тиіс. 2020 жылы ШЫҰ Ресейде болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай