1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев "Shymkent city" жаңа ауданының макетімен танысты

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығын аралап, "Shymkent city" жаңа ауданының макетін, әуежайдың жаңа терминалын көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Ескі қалашық", Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру және "Тұран" шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымын салу жобаларымен танысты.

20,5 гектар аумақты қамтитын әкімшілік-іскерлік орталық заманауи инфрақұрылымымен, өмір сүруге және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалғандығымен ерекшеленеді, сондай-ақ қала құрылысы мен сәулетінің қазіргі стандарттарына сай келеді. Қаланың жаңа ауданында жалпы аумағы 201,2 мың шаршы метрді қамтитын 2 990 пәтері бар 47 үй салу жоспарланып жатыр.