Тоқаев СNNC компаниясының бас директорын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев СNNC компаниясының бас директорын қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның аталған саланы дамыту жөніндегі жоспарын таныстырып, таяуда Ядролық энергетика агенттігін құру туралы маңызды шешім қабылданғанына назар аударды. Бұл ұлттық экономика алдындағы стратегиялық міндетті жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді.

Президент Қытай Халық Республикасының атом энергетикасында көшбасшы саналатын CNNC тәжірибесіне еліміздің қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Шэнь Яньфэн Мемлекет басшысына компанияның Қытайдағы және одан тысқары жерлердегі жобалары туралы мәлімет берді.

Әңгімелесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланатын озық технологияларды зерделеу және қазақстандық мамандарды оқыту бағытындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети