27 сәуір 2021 | 19:58

Тоқаев "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырды

Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін алды. Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында. 

Баспасөз хатшысының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеуден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Тоқаев вакцинаның бірінші компонентін 6 сәуірде салдырған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная