Тоқаев іссапармен Нью-Йоркке бармақ

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: pixabay.com Сурет: pixabay.com

2019 жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Нью-Йорк қаласында (АҚШ) өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысады. Бұл туралы Facebook желісінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2019 жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Нью-Йорк қаласында (АҚШ) өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысады. Бұл туралы Facebook желісінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас Ассамблеяның жұмысына 196 делегация, 100-ге жуық мемлекет басшылары, БҰҰ-ға мүше елдердің 80-нен аса Үкімет және сыртқы саясат ведомстволарының жетекшілері қатысады. Осы маңызды шараның аясында 630 түрлі кездесу өтеді деген жоспар бар.

"Мемлекет басшысы Бас Ассамблеяның Жалпы пікірсайысында баяндама жасайды. Биыл аталған пікірсайыс "Кедейлікті жою, сапалы білім беруді және климатты сақтау іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілдерді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру" тақырыбында өтеді. Сондай-ақ, Президент тұрақты даму мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси Форумда сөз сөйлейді", - деп жазған Берік Уәли.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар мемлекет және Үкімет басшыларымен, халықаралық ұйым жетекшілерімен, америкалық бизнес және трансұлттық компания өкілдерімен, АҚШ-тың саяси және сарапшы топ мүшелерімен кездесуі жоспарланған.

Қазақстан Президентінің БҰҰ БА-ның жоғары деңгейдегі жиынына қатысуы еліміздің бірқатар сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетуге бағытталған. Атап айтқанда, қарусыздандыру және оны таратпау, бітімгершілік, терроризмге қарсы әрекет ету ұстанымдары талқыланады. Сонымен бірге, кең ауқымды халықаралық аудиторияның назарына орнықты даму, азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау және білім беру жүйесімен жаппай қамту, қоршаған ортаның азып-тозуы сынды жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты Қазақстанның көзқарасы ұсынылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro