Тоқаев Stadler Rail AG басшысымен вагон өндірісі туралы талқылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Stadler Rail AG басшысымен вагон өндірісі туралы талқылады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Stadler Rail AG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Stadler Rail AG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанда жолаушылар вагондарын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысына швейцариялық Stadler Rail AG компаниясының вагон жасау зауытын жаңғырту, Қазақстан алюминийін пайдалану және өндірістің толық циклын жолға қою жоспары туралы мәлімет берілді.

Петер Шпулер 2030 жылға қарай өндіріске қажет бөлшектерді жергілікті жерде өндіру деңгейін 35 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ қазақстандық өніммен экспортқа шығу жоспары туралы айтты.

Сонымен қатар, олар өндірістік білім мен сарапшылық құзыреттерді үйрету мәселелерін қарастырды. Компания қазақстандық жастарға арналған оқу орталықтарын ұйымдастыруды, сондай-ақ отандық колледждермен және университеттермен қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр.

Президент бірлескен жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети