16 сәуір 2021 | 13:25

Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының ауысуына қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының ауысуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының ауысуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің Жарлығыммен Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды. Оның басшылығымен агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін көп жұмыс атқарды. Бұл құрылымның қызметі айтарлықтай жаңартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар жоба мен бастама іске қосылды. Олардың ішінде ADALDYQ ALANY, ANTIKOR ORTALYGY, ADAL BILIM және басқалары бар. Алик Жатқамбайұлына осы лауазымдағы табысты жұмысы үшін алғыс айтамын.

Бүгін менің Жарлығыммен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Марат Мұратұлы Ахметжанов тағайындалды. Оның мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар, Әділет министрлігі мен Бас прокуратурада басшылық қызметтерді атқарған. Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары. Сондықтан мен оны осы қызметке тағайындауға шешім қабылдадым", - деді Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінде.

Президент агенттіктің алдында бірқатар маңызды міндет тұрғанын айтты.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бүгін Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная