03 қыркүйек 2020 12:36

Тоқаев сынаған жауапты хатшылар қанша жалақы алатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов министрліктер жанындағы жауапты хатшылар институтын таратуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов министрліктер жанындағы жауапты хатшылар институтын таратуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоғжановтың айтуынша, жауапты хатшылар институты 15 министрлікте жұмыс істейді. Олардың функцияларын енді аппарат басшылары орындайды.

"Аппарат басшысының қызметі мен функционалдық міндеттері Мемлекеттік қызмет туралы заңда көрсетілген. Ол жауапты тұлғалардың өкілеттіктеріне толық сәйкес келеді. Мәселе күн тәртібінде тұр. Шешім жақын күндері қабылданады. Орташа жалақы жұмыс өтіліне байланысты 685 мыңнан 830 мыңға дейін (теңге)", - деді ол.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауына министрліктердегі жауапты хатшыларды сынға алып, оларды таратуды тапсырған болатын. Президент олардың міндеттерін аппарат басшыларына жүктеу керегін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети