Тоқаев тағы бір жаңа заңға қол қойды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев тағы бір жаңа заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Заңмен Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Білім туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заңдарға және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы азаматтарды әскери-патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу жүйесін жетілдіруді және осы саладағы жұмысты күшейтуді көздейді.

Екінші блок әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау деңгейін арттыруды мақсат тұтады.

Үшінші блок әскери есеп жүргізу және әскери қызметке шақыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Төртінші блок әскери атақтар беру тәртібін оңтайландыруға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтауға және әскери қызметшілердің мәртебесін биіктетуге арналған.

Бесінші блок мерзімді әскери қызметтің беделін көтеруді қарастырады.

Алтыншы блок жастарды әскери қызметке кешенді даярлауға жағдай жасау мәселесін назарға алған.

Жетінші блок мемлекеттік қорғаныс тапсырысын іске асыруды дамытуға көңіл бөледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети