Тоқаев тағы бір министрге сөгіс жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев тағы бір министрге сөгіс жариялады Фото:gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев экология министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев экология министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Министрге сөгіс жариялаймын. Біріншіден, осы айтқандарым үшін сөгіс. Екіншіден, ақбөкен популяциясының тағдыры төңірегінде түсініксіз әуре-сарсаң және пікірталас бастағаны үшін. Мұның бәрін қоғамдық талқылау деңгейіне жеткізудің не қажеті бар?", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ол министрді киіктердің популяциясы мәселесіне ұлт менталитетін ескере отырып, кәсіби тұрғыдан қарауға шақырды.

"Шынында да киік қазақ үшін киелі жануар. 80 мың киікті табиғи ландшафттан шығару, яғни қыру туралы ұсыныс жасалып жатыр. Басқа да әдістер бар көрінеді. Сарапшылармен кеңесіңіз, бұл төтенше шаралар. Бұл шараға да жүгінуге тура келетінін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл шектен шыққан шара, деп баса айтамын. Біз бұл мәселеге кәсіби тұрғыдан қарауымыз керек", - деп қосты Президент.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа және ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашықеевке сөгіс жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети