Тоқаев Тәжікстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Тәжікстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзінің және барша қазақстандық атынан Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды, сондай-ақ бүкіл тәжік халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзінің және барша қазақстандық атынан Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды, сондай-ақ бүкіл тәжік халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Бауырлас Тәжікстан бұл айтулы күнге халықаралық аренада маңызды рөл атқаратын беделді мемлекет ретінде жетіп отыр. Құрметті Эмомали Шәріпұлы, әлемдік қауымдастық Сізді мемлекеттілікті нығайтуға және ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға үлес қосқан, нағыз жалпыұлттық көшбасшы ретінде таныды", – деп жазды Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тәжікстанмен ғасырлар бойғы достықты, өзара қолдау мен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген байланыстарды нығайтуға баса мән беретінін атап өткен.

"Біз өзара күш жұмылдыра отырып, елдеріміз арасындағы көпжақты ықпалдастықтың қарқынды дамуына тың серпін бере аламыз және қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының көкжиегін кеңейтеміз", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеп,  бауырлас Тәжікстан халқының  өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети