Тоқаев танымал қазақстандық әртістерге ордендер мен медальдар табыс етті

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев танымал қазақстандық әртістерге ордендер мен медальдар табыс етті Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:

"Отан" орденімен

Жарнама
Жарнама
  • Бурмистрова Татьяна Николаевна – "Ұлттық өнер" ЖШС директоры, Алматы қаласы;

І дәрежелі "Барыс" орденімен

  • Жүнісова Мақпал Мұхамедьярқызы – "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы" РМҚК солисі, Астана қаласы;

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен

  • Ганцева Марина Юрьевна – Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры" РМҚК актрисасы, Алматы қаласы;

"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы берілді

  • Қожа Бахтияр Абдуллаұлы – "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК әртісі, Алматы қаласы
  • Макарова Нина Матвеевна – "А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры" КМҚК актрисасы
  • Сейітметов Азат Райымбекұлы – "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК актері, Алматы қаласы;

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді

  • Бейсембаев Ерлан Ғабитұлы – "Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры" РМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері, Астана қаласы
  • Бекенов Нұрлан Алданышбайұлы – Астана қаласы әкімдігінің "Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония" МКҚК қазақ оркестрінің дирижері
  • Жармағамбетов Расул Қайратұлы – "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ жетекші солисі
  • Исмайылов Өмірәлі Дәуренбекұлы – "Астана қаласының суретшілер одағы" ҚБ төрағасы
  • Қалиев Серік Әкрамұлы – "Алатау" дәстүрлі өнер театры" КМҚК қызметкері, Алматы қаласы
  • Овчинников Олег Николаевич – Қазақстанның Православ Шіркеуі Митрополиттік хорының регенті (бас дирижері)
  • Олексенко Игорь Владимирович – "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ доценті, Алматы қаласы
  • Тоқымтаев Базарбек Сләмбекұлы – "Б.Римова атындағы Академиялық драма театры" МКҚК актері, Талдықорған қаласы;

"Парасат" орденімен

  • Әбілханова Салтанат Аябекқызы – "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" РММ аға оқытушысы, Астана қаласы
  • Ким Римма Ивановна – "Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры" РМҚК актрисасы, Алматы қаласы
  • Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ доценті, Астана қаласы;

ІІ дәрежелі "Достық" орденімен

  • Кюршад Зорлу – Түркия Республикасының Әділдік және даму партиясы төрағасының орынбасары;

"Құрмет" орденімен

  • Бахаров Дилмурат Нурахметович – "Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры" РМҚК директоры, Алматы қаласы
  • Дайыров Сәбит Сергебайұлы – "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ концертмейстері
  • Дияров Ермек Сатыбалдыұлы – "Дервиши" тобының қатысушысы, Алматы қаласы
  • Жүгінісов Құрманбек Далабекұлы – "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы" РМҚК әртісі, Алматы қаласы
  • Қабыкенова Айнаш Жақсылыққызы – "Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы" МКҚК М.Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі-аспапшысы
  • Қалиева Ая Жәкенқызы – "Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" РМҚК директоры
  • Мәжит Асан Маратұлы – "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК актері, Алматы қаласы
  • Оразбеков Дастан Дәрібайұлы – әнші, Астана қаласы
  • Өтепберген Аян Өмірәлі – Астана қаласы әкімдігінің "Музыкалық жас көрермен театры" МКҚК актері
  • Рахмет Сұраған – ақын, Астана қаласы
  • Салықов Медет Тілеубекұлы – "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы" РМҚК әртісі, Астана қаласы
  • Сұлтанов Сүндет Нұрланұлы – "Астана Балет" театры" ЖШС жетекші солисі
  • Төлегенов Нұрлан Құрманәліұлы – "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі" РМҚК әртісі, Алматы қаласы;

Суреттер: Ақорданың баспасөз қызметі

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Әшім Әлия Мейрамғазықызы – журналист, Астана қаласы
  • Көпберген Жасұлан Ерболұлы – театр және кино актері
  • Сағындықова Ләззат Құдайбергенқызы – Алматы қаласы Мәдениет басқармасының "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК директоры
  • Сәдірбаев Нұржас Майрамбекұлы – Астана қаласы әкімдігінің "Музыкалық жас көрермен театры" МКҚК актері;

"Шапағат" медалімен

  • Безаубек Сәния Серікқызы – "Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ басшысы
  • Крапп Мария Владимировна – суретші, Тараз қаласы
  • Лутошкина Марина Васильевна – "Семья Лутошкиных" бастамашыл тобының волонтері
  • Малышева Ольга Витальевна – театр шолушысы, Алматы қаласы
  • Сапорито Ренато – "Magister Art" президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама