Президент Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:
"Отан" орденімен
- Бурмистрова Татьяна Николаевна – "Ұлттық өнер" ЖШС директоры, Алматы қаласы;

І дәрежелі "Барыс" орденімен
- Жүнісова Мақпал Мұхамедьярқызы – "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы" РМҚК солисі, Астана қаласы;
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен
- Ганцева Марина Юрьевна – Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры" РМҚК актрисасы, Алматы қаласы;
"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы берілді
- Қожа Бахтияр Абдуллаұлы – "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК әртісі, Алматы қаласы
- Макарова Нина Матвеевна – "А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры" КМҚК актрисасы
- Сейітметов Азат Райымбекұлы – "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК актері, Алматы қаласы;

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді
- Бейсембаев Ерлан Ғабитұлы – "Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры" РМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері, Астана қаласы
- Бекенов Нұрлан Алданышбайұлы – Астана қаласы әкімдігінің "Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония" МКҚК қазақ оркестрінің дирижері
- Жармағамбетов Расул Қайратұлы – "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ жетекші солисі
- Исмайылов Өмірәлі Дәуренбекұлы – "Астана қаласының суретшілер одағы" ҚБ төрағасы
- Қалиев Серік Әкрамұлы – "Алатау" дәстүрлі өнер театры" КМҚК қызметкері, Алматы қаласы
- Овчинников Олег Николаевич – Қазақстанның Православ Шіркеуі Митрополиттік хорының регенті (бас дирижері)
- Олексенко Игорь Владимирович – "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ доценті, Алматы қаласы
- Тоқымтаев Базарбек Сләмбекұлы – "Б.Римова атындағы Академиялық драма театры" МКҚК актері, Талдықорған қаласы;
"Парасат" орденімен
- Әбілханова Салтанат Аябекқызы – "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" РММ аға оқытушысы, Астана қаласы
- Ким Римма Ивановна – "Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры" РМҚК актрисасы, Алматы қаласы
- Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ доценті, Астана қаласы;
ІІ дәрежелі "Достық" орденімен
- Кюршад Зорлу – Түркия Республикасының Әділдік және даму партиясы төрағасының орынбасары;
"Құрмет" орденімен
- Бахаров Дилмурат Нурахметович – "Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры" РМҚК директоры, Алматы қаласы
- Дайыров Сәбит Сергебайұлы – "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ концертмейстері
- Дияров Ермек Сатыбалдыұлы – "Дервиши" тобының қатысушысы, Алматы қаласы
- Жүгінісов Құрманбек Далабекұлы – "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы" РМҚК әртісі, Алматы қаласы
- Қабыкенова Айнаш Жақсылыққызы – "Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы" МКҚК М.Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі-аспапшысы
- Қалиева Ая Жәкенқызы – "Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" РМҚК директоры
- Мәжит Асан Маратұлы – "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" РМҚК актері, Алматы қаласы
- Оразбеков Дастан Дәрібайұлы – әнші, Астана қаласы
- Өтепберген Аян Өмірәлі – Астана қаласы әкімдігінің "Музыкалық жас көрермен театры" МКҚК актері
- Рахмет Сұраған – ақын, Астана қаласы
- Салықов Медет Тілеубекұлы – "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы" РМҚК әртісі, Астана қаласы
- Сұлтанов Сүндет Нұрланұлы – "Астана Балет" театры" ЖШС жетекші солисі
- Төлегенов Нұрлан Құрманәліұлы – "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі" РМҚК әртісі, Алматы қаласы;

Суреттер: Ақорданың баспасөз қызметі
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
- Әшім Әлия Мейрамғазықызы – журналист, Астана қаласы
- Көпберген Жасұлан Ерболұлы – театр және кино актері
- Сағындықова Ләззат Құдайбергенқызы – Алматы қаласы Мәдениет басқармасының "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК директоры
- Сәдірбаев Нұржас Майрамбекұлы – Астана қаласы әкімдігінің "Музыкалық жас көрермен театры" МКҚК актері;
"Шапағат" медалімен
- Безаубек Сәния Серікқызы – "Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ басшысы
- Крапп Мария Владимировна – суретші, Тараз қаласы
- Лутошкина Марина Васильевна – "Семья Лутошкиных" бастамашыл тобының волонтері
- Малышева Ольга Витальевна – театр шолушысы, Алматы қаласы
- Сапорито Ренато – "Magister Art" президенті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!