Тоқаев: Тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерге, ана тілге деген құрмет әрқашан жоғары болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерге, ана тілге деген құрмет әрқашан жоғары болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді. Бұған ешқандай күмән болмауы керек. Біздің елде ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс. Әйтпесе, қоғамда жанжал тууы мүмкін. Ел ішіне іріткі түскенін қалайтындар осыны тілеп отыр. Сондықтан, тіл мәселесі бойынша бәріміз ұстамдылық танытуымыз керек деп ойлаймын. Бұл сырт көзге ұлтымыздың өз болашағына деген сенімсіздігі, тіпті, әлсіздігі сияқты көрінеді", - деді Президент Ұлттық құрылтай отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, "баршамыз тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек".

"Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр. Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. Оған қоса, әлемнің басты ақпарат құралдары қазақша шығып жатыр", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол жақында әйгілі Apple компаниясы қазақ тілін iOS-тың тілдер жүйесіне қосқанын айтты.

"Әлемнің 40 тілінде тарайтын Nicel Odeon телеарнасы қазақша көрсетіле бастады. Жастардың бастамасымен National Geographic журналы 6 жылдан бері ана тілімізде жарық көріп атыр. Осындай көптеген жағымды жаңалықтар бар. Сондықтан, қатты алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын. Десек те, осы саладағы жұмысымызды даңғаза жасамай, табандылықпен жүргізуіміз қажет", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети