Тоқаев Того президентімен телефон арқылы сөйлесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Того президентімен телефон арқылы сөйлесті Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының Президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Того Республикасының Президенті Фор Гнассингбемен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Африкадағы саяси және экономикалық жаңғыру үдерісін ерекше ықыласпен бақылап отырғанын атап өтіп, Қазақстанның аталған құрлықтағы елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті екенін айтты.

Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады. Осыған байланысты мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстарды нығайтуға өзара бейілді екенін растады.

Әңгімелесу барысында президенттер сауда, инвестиция, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети