Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің есебін тыңдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің есебін тыңдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің биылғы бірінші жартыжылдықтағы атқарған жұмыстары, мемлекеттік қызмет көрсету ісін дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ, Президенттің Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысына интернет сапасын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Бағдат Мусиннің айтуынша, министрлік интернет сапасын тексеруді жиілеткен. Соның нәтижесінде сапасыз қызмет көрсеткені үшін байланыс операторларына айыппұл салынған.
Сонымен қатар ведомство басшысы Президентке биылғы алты ай ішінде Қазақстандағы интернет трафигі 7900 петабайтқа дейін артқанын жеткізді. Бұл былтырғы бір жыл ішіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 15 пайызға артық.
"Министр интернет сапасына қатысты негізгі көрсеткіштер бойынша өсімнің оң қарқыны бар екеніне назар аударды. Қазақстан бір жыл ішінде мобильді интернеттің жылдамдығы бойынша Speedtest Global Index рейтингіндегі алатын орнын 15 сатыға жақсартып, 80-орынды иеленген. Қазақстан бекітілген интернет жылдамдығы жөніндегі рейтингте 65-орында тұр.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына шалғай ауылдарда жылдамдығы жоғары кең жолақты интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін жер үсті орбиталық спутниктік байланыстың жетекші операторларымен бірлесе жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.
Бұдан бөлек Бағдат Мусин коронавирус індетіне қарсы күресте жаңа цифрлық технологиялардың қолданылуы және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін оңтайландыру жөнінде есеп берді", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.
Әңгімелесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!