Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 7200 адамға жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети