24 ақпан 2022 19:20

Тоқаев Түркияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлуды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлуды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу онлайн өтті. Әңгімелесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан ары нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылады.

Фото: Ақорда

Қазақстан көшбасшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға жүрекжарды сәлемін жолдап, оны Қазақстанға сапармен осы жылы келуге шақырғанын тағы да нақтылады. Сапар мерзімі дипломатиялық каналдар арқылы пысықталады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы келесі аптада Нұр-Сұлтанда өтетін Қазақстан мен Түркияның Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының XII отырысы өзара тиімді серіктестікті одан ары дамытуға ықпал ететінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев түрік компаниялары қатысатын бірлескен жобаларға Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау көрсетілетінін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети