Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Ашхабадта ұйымдастырылып жатқан Алтыншы Каспий саммитіне қатысуға келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ашхабадта ұйымдастырылып жатқан Алтыншы Каспий саммитіне қатысуға келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті, ең алдымен, түрікмен жеріндегі дәстүрлі қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді. Бұл – Сердар Бердімұхамедов Президент болып сайланғаннан кейінгі екі ел басшыларының алғашқы бетпе-бет кездесуі. Осыған орай Мемлекет басшысы Түрікменстанның жаңа Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ашхабадта өтетін Алтыншы Каспий саммитіне ерекше мән беретінін жеткізді. Қазақстан Президенті саммиттің нәтижесі Каспий маңы мемлекеттерінің достық пен тату көршілік байланыстарын одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосып, өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетініне сенім білдірді.

Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа шақыруын қабыл алғаны үшін ризашылығын білдіріп, осы саммитке қатысты ойын айтты. Түрікменстан Президенті бәрімізге ортақ Каспийдің игілігі үшін бүгін келелі басқосу болатынын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro