Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, оның бірінші "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысуы мемлекетаралық көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

"Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән береміз. Экономикалық байланыстарда нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп есептеймін. Басқа да салалар бойынша, әсіресе, мәдени-гуманитарлық бағытта ықпалдастық қарқынды дамып келеді. Күн тәртібіндегі жобаларды жүзеге асыруға қос тарап та күш жұмылдыратынын ескерсек, өзара тиімді қарым-қатынастың келешегі зор", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, қазір Астана мен Ашхабад арасындағы ынтымақтастық өркендеп, көптеген негізгі салаларда оң динамика байқалады.

Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны және "Орталық Азия – Италия" саммитін табысты өткізгені үшін алғыс айтты.

"Орталық Азия елдері мен Италия жоғары деңгейдегі осындай форматта тұңғыш рет келіссөз жүргізіп отыр. Саммит қорытындысы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететініне сенімдімін", – деді Түрікменстан Президенті.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке ыстық ықыласын жолдап, оның жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети