Тоқаев Түрікменстанның жаңадан сайланған президентімен сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Түрікменстанның жаңадан сайланған президентімен сөйлесті Сурет: Bort_01

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовпен және Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БОРТ N1" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовпен және Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БОРТ N1" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, Түрікменстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің бауырлас екі ел арасындағы достықты, тату көршілікті және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети