Тоқаев Түркістан облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Түркістан облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді Фото: Ақорда

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.

Облыс әкімі ирригация нысандарын қайта қалпына келтіру үшін Ислам даму банкінен қаржы тартылып жатқаны жөнінде мәлімет берді. Қазіргі кезде 135,5 миллиард теңгеге 24 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Бұдан бөлек, Түркістан қаласын және жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында "Бәйдібек ата" су қоймасының құрылысы жүргізіліп, "Боралдай" су қоймасының жобасы әзірленіп жатыр.

Нұралхан Көшеровтің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында мақта, жүгері және ет кластерлерін дамытуға айрықша мән беріледі. Атап айтқанда, мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылмақ. Сонымен қатар Жүгері-сірне зауытының құрылысы басталып, Австралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынды.

Бүгінгі таңда энергетика тапшылығын шешу мақсатында жалпы қуаты 2,4 ГВт-ты құрайтын 6 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сонымен қатар индустриялық аймақтарды қажетті инфрақұрылыммен қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылады.

Нұралхан Көшеров биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріліп, 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

Сонымен қатар Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети