ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 мамыр 2026 12:18
Тоқаев Түркістанға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Айта кетейік, бүгін, 15 мамырда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Кездесудің тақырыбы - "Жасанды интеллект және цифрлық даму".
"Әлемдегі қазіргі құбылмалы жағдай аясында бұл халықаралық іс-шараның маңызы ерекше", - деген болатын бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев.
Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) ортақ түркі мәдениетіне, тарихына және тіліне негізделген елдердің басын біріктіреді. Оның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Түрікменстан мен Мажарстан бақылаушы мемлекеттер болып саналады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу