Түркістандағы саммитке дайындық видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістандағы саммитке дайындық видеоға түсіп қалды Бейнеден кадрлар

Түркістандағы саммитке дайындық туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Түркістандағы саммитке дайындық туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Түркістан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне дайын", - делінген бейнеролик сипаттамасында.

Әсерлі қысқа видео Президент Телерадиокешені мен Мемлекеттік күзет қызметінің парақшаларында жарияланды.

Кадрлардан Түркістан көшелерімен келе жатқан кортежді және маңызды шара алдында қаланы барлап ұшқан тікұшақтарды көруге болады.

Бұған дейін Ақорда Түркістандағы саммитке дайындық туралы басқа видео жариялаған болатын. Роликте қаланың басты көрікті жерлері мен ТМҰ-ға мүше елдердің тулары көрсетілген.

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті 15 мамырда өтеді. Кездесудің тақырыбы - "Жасанды интеллект және цифрлық даму".

"Әлемдегі қазіргі құбылмалы жағдай аясында бұл халықаралық іс-шараның маңызы ерекше", - деген болатын бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Анықтама: Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) ортақ түркі мәдениетіне, тарихына және тіліне негізделген елдердің басын біріктіреді. Оның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Түрікменстан мен Мажарстан бақылаушы мемлекеттер болып саналады.
Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 467.86   549.92   6.39 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер