Тоқаев: Үкімет нақты әрекеттерге көшуі керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Үкімет нақты әрекеттерге көшуі керек Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте премьер-министрдің кандидатурасына қатысты сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте премьер-министрдің кандидатурасына қатысты сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жаңа үкіметтің сөзден іске көшетін кезі келгенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Үкімет нақты әрекеттерге көшуі керек, бұл міндетті сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де жүзеге асыру қажет", - деді.

Тоқаев Қазақстанның беделді мемлекет екенін, әлемдік сарапшылар еліміздің жетістіктерін жоғары бағалайтынын атап өтті. Бұл ретте алға жылжу маңызды.

"Қазақстан дамыған елдердің біріне айналуы үшін біз барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек, бұл жай ұран емес, бұл біздің алдымызда тұрған міндет. Бұл біз үшін өте маңызды жол. Еліміздің экономикалық өмірінде саяси реформалар жүргізумен қатар батыл шешімдер қабылдауы қажет. Ең бастысы - біздің барлық іс-әрекеттеріміз әділ Қазақстанды қалыптастыру қағидаттарына бағытталуы және сәйкес келуі тиіс. Ең алдымен, саяси-экономикалық дамуымызға жаңа серпін беру қажет. Біз алдымызға қойған міндеттерді қайта қарау қажет. Үкімет нақты іс-қимылдарға көшуі тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл міндетті, Мемлекет басшысының айтуынша, сөзбен емес, іспен орындау керек. Осылайша республика шын мәнінде жаңа даму жолына түсіп, дамудың жаңа деңгейіне көтеріледі. Жаңа Салық кодексі, жаңа Бюджет кодексі, мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнама жаңа формада болады. Мұның бәрі біздің саяси мақсатымызды жүзеге асыруға бағытталады.

"Ол үшін бізге бар кедергілерді жою қажет, сондай-ақ әлеуметтік салада да, агроөнеркәсіп саласында да жаңа тетіктерді әзірлеу қажет. Осыған байланысты Үкімет жаңа, маңызды рөл атқаруы, жедел шешім қабылдауы, шын мәнінде пәрменді қадамдар жасауы тиіс", - деді Президент.

Ол үкіметтің экономиканы халқымыздың игілігі үшін ынталандыру және әртараптандыру үшін батыл, нық шешімдер қабылдауы қажет деп қосты. Бұл міндет ерекше маңызға ие және стратегиялық сипатқа ие.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети