Тоқаев үкіметтің салық реформасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев үкіметтің салық реформасын мақұлдады Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің салық реформасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің салық реформасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік салық бойынша қоғамға және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Біз (салықтық - еск.) әкімшілендіруді қалай жүзеге асырамыз? Сіздер өздеріңіз өтейміз деп айтып отырсыздар... Мұның бәрін талқылап, осы реформаны қалай іске асыратынымызды ойластыру қажет. Жалпы, реформа қажет, мен бұл реформаны мақұлдаймын. Алайда оны талқылап, зерттеу қажет. Сондықтан қазіргі уақытта Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасы қаралып жатыр", – деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы әлеуметтік салықты мұқият ойластыру қажет екенін атап өтті.

"2025 жылы бірінші кезекте Салық және Бюджет кодекстеріне назар аудару қажет. Жалпы, мен реформаның қажеттілігін растаймын. Бірақ қазіргі уақытта бізге Ұлттық қордан трансферттерді азайтып, оның жинақтау функциясын күшейту міндеті тұр. Жиналған қаражатты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттауға болады, бұл – басымдық. Осылайша, біз мемлекеттің даму функциясын күшейтеміз, бірақ менің ойымша, әлеуметтік салықты өте мұқият ойластыруымыз керек", – деп қосты Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети