Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында Украинаға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында Украинаға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина шығысындағы жағдайды ретке келтіру Норманд форматы бойынша жүргізілуі тиіс екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның қол ұшын созуға дайын екенін және мәселені шешу үшін алаң ұсынатынын айтты.
"Біздің Тұңғыш Президентіміз осы мәселені Қазақстан аумағында шешуді ұсынды, әрине біз Украинадағы жағдай ең алдымен Норманд форматы бойынша шешілуі тиіс деп ойлаймыз. 9 желтоқсанда Норманд төрттігінің отырысы Парижде өтетінін білеміз. Табыс тілейміз, себебі бізді Украинамен достық қарым-қатынас, ынтымақтастық байланыстырады. Украин халқына үлкен ықыласпен қараймыз, бұл халық тыныш өмір сүруге лайық деп есептейміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ангела Меркельмен бірге өткізген БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Укриана жайлы айтқан еді.
"Біріншіден, Қырымдағы болған жағдайды аннексия деп айтпаймыз. Болған іс болды, бояуы сіңді. Аннексия - Қырымға қолданатындай өте ауыр сөз. Екіншіден, сіз айтып отырғандай ешқандай қорқыныш жоқ, болған да емес, себебі екі ел арасында абсолют сенім орнаған. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Минск келіссөздері басталғанын еске сала кетейін. Ол сол кезде Астананы ұсынған, алайда логистика мен Еуропадан алыстығын ескере отырып, келіссөздер Минскіде өтетін болып шешім қабылданды", - деді Президент.