08 қаңтар 2022 18:54

Тоқаев ҰҚШҰ саммитін онлайн-форматта өткізуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті елде конституциялық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру ісіне ҰҚШҰ біріккен бітімгерлік контингентін жеткізу бойынша шешімде қолдау білдіргені үшін ресейлік лидерге алғыс айтты.

Тоқаев Путинге елде жағдай тұрақталып келе жатқанын мәлімдеген. Сонымен қатар, террористік ошақтар әлі де сақталып отырғаны айтылады. Сондықтан терроризммен күрес айрықша пәрменмен жалғасады.

"Мемлекет басшысы таяу уақытта ҰҚШҰ саммитін онлайн-форматта өткізуді ұсынды. Кездесу мерзімі дипломатиялық арналарда келісіледі", - делінген жарияланымда.

Кремль баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың болжауы бойынша қазіргі кезеңде ҰҚШҰ-ға мүше елдермен бірлесіп әңгімелесу қажет.  

"Осыған байланысты Қазақстан президенті алдағы күндері Армения жетекшілік етіп отырған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесімен видеоконференция арқылы байланысуды ұсынды. Владимир Путин бұл ұсынысты қабылдады", - делінген хабарламада.    

Айта кетейік, Тоқаев пен Путин тұрақты байланыста болуға келіскен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети