Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Армения Республикасының ұсынысымен өткен отырыс бейнебайланыс режимінде өтті.

Сонымен қатар саммитке Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қатысты.

Мемлекеттер басшылары әзербайжан-армян мемлекеттік шекарасында болған оқиғаларға қатысты Армения Премьер-министрінің мәліметін тыңдады.

Қазақстан Президенті сессияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тұрақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға, күштік құрылымдарды пайдаланудан бас тартуға, шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети