Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысына биылғы қаңтар-мамырда ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары және әлемдегі іскерлік белсенділіктің қалпына келуі жөнінде, инфляцияның өсуі мен инфляциялық болжамдар аясында орталық банктердің бейтарап ақша-несие саясатына көшуі туралы баяндалды.

"Президентке ел экономикасы өсімінің оң бағыт алуы және оның биылғы даму перспективалары, сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында жекелеген инвесторлар мен резидент емес адамдардың іскерлік белсенділігінің қайта қалпына келуі жайында ақпарат берілді.

Сондай-ақ, алтын бағасының өсуіне, сыртқы нарықтардағы қолайлы жағдайдың нәтижесінде инвестициялық кіріс пен Ұлттық қорға түскен қаржының артуына байланысты 2016 жылғы қыркүйектен бері алғаш рет Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі 95 миллиард АҚШ долларына дейін жеткені айтылды", - делінген хабарламада.

Ерболат Досаев Мемлекет басшысына биылғы мамырда инфляцияның 7,2 пайызға дейін үдеу себептері және Ұлттық банктің биылға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жаңартылған болжамдары туралы жеткізді. Сонымен қатар банк жүйесіндегі теңгелік салымдардың өсу үрдісі және Ұлттық банк есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы Президент бастамаларының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer