08 қараша 2021 | 17:35

Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасының биылғы 10 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы және әлемдегі инфляциялық қысымның күшейіп, азық-түлік бағасының қымбаттай түскені туралы есебін тыңдады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық валюта қорының инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі болжамдары, сондай-ақ, дамыған елдердің ынталандыру саясатынан бейтарап саясатқа көшуіне байланысты дамушы нарықтардан капиталдың жылыстау қаупі бар екені айтылды.

Кездесу барысында Үкіметпен бірлесіп, инфляцияға төтеп беру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысы, азық-түлік бағасының өсуі болар-болмас баяулағанына байланысты қазан айындағы жылдық инфляцияның деңгейі 8,9 пайыз болғаны туралы ақпарат берілді.

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 9 айда қалыптасқан төлем балансының алдын ала бағалау көрсеткіші туралы мәлімет берді. Бағалауға сәйкес сауда балансының жақсаруына байланысты төлем балансының тапшылығы 3 миллиард АҚШ долларына дейін төмендеген. Тұтынушылық импорттың өсуі төлем балансының одан әрі жақсаруын тежейді.

Президентке алтын бағасының қымбаттауы есебінен алтын валюта қоры активтерінің өсуі жөнінде және жыл басынан бері ұлттық қордағы инвестициялық кірістің 2 миллиард АҚШ долларына (3,44%) дейін қайта қалпына келгені туралы ақпарат берілді.

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес БЖЗҚ портфелін әртараптандыру нәтижесінде зейнетақы активтері мен инвестициялық кіріс көлемі өскен.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық төлем жүйесін пилоттық режимде іске қосуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети