04 шілде 2021 | 14:10

Тоқаев Ұлттық домбыра күніне арналған концертке барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күніне арналған концертке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күніне арналған концертке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, Елбасының бастамасымен домбыраны ұлықтау мерекесін өткізу игі дәстүрге айналғанын айтты.  

"Бұл - халқымыздың тамыры тереңде жатқан төл өнерін дәріптейтін мейрам. Қазақ пен домбыра - бір-бірінен  бөле-жаруға болмайтын егіз ұғым. Домбыра - көне заманның аңыздарына арқау болған киелі аспап. "Ақсақ құлан" күйінің шығу төркінін білмейтін қазақ кемде-кем. Ежелгі  дәуірден жеткен қастерлі домбыра ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді. Қазақ сан ғасырлық шежіресінің куәсі болған қасиетті аспапты бойтұмарына балаған. Қазіргі тілмен айтсақ, бұл - біздің ұлттық брендімі", - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, құдіретті қос ішектің үнінде ұлы даланың жыры, бабалардың сыры сақталған. Халқымыз қуанышы мен қайғысын, арман-тілегі мен үмітін күй арқылы жеткізген. Мемлекет басшысы домбыраға тіл бітсе, тебіренбейтін қазақ жоқ екенін, қандастарымыз мекендейтін қай елге барсақ та, домбыраның қоңыр үні күмбірлеп тұратындығын атап өтті. Байтақ даланы дүбірлеткен күйшілердің асыл мұрасы - рухани қазынамыздың баға жетпес байлығы. 

"Құрманғазының "Сарыарқасы", Тәттімбеттің "Саржайлауы" күй өнерінің  шыңы саналады. Нұрғисаның "Аққуы" - қазақтың қанына сіңген бекзат өнердің бірегей туындысы. Сондай дарын иелерінен аманат болған киелі мұра бүгінде адамзаттың асыл қазынасына айналды.  Күй өнері ЮНЕСКО шеңберіндегі құндылықтар қатарына қосылды. Домбыраны ұлықтап, күй өнерін дамыту үшін елімізде көптеген игі істер атқарылуда. Елордада күй атасы Құрманғазының ескерткіші ашылды. Ал кеше ғана күйші Дина апамыздың құрметіне  сәулет туындысы бой көтерді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.   

Президент озық мәдениеті бар ұлттың рухы әрдайым биік болары сөзсіз деп санайды. Сондықтан өскелең ұрпақ осы киелі өнерді лайықты жалғастыруы қажет. Мектепте домбыра үйренуге арналған факультатив сабақтарын енгізу жөніндегі бастаманы қолдаған Қасым-Жомарт Тоқаев, бұл сабақтар балаларымыздың ұлттық санасының күшеюіне және олардың көзқарасы мен мәдени танымының кеңеюіне оң ықпал ететініне сенім білдірді. 

"Биыл бірінші мамырдан шығармашылық үйірмелер мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істей бастады. Балалар мұндай үйірмелерге тегін қатысатын болды. Осының барлығы жастардың ұлттық құндылықтарды игеруі үшін қажет. Сондықтан домбыраның қадір-қасиетін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру - өте маңызды міндет. Қазір жастарымыз домбыраны заманауи музыкамен ұштастырып, жер жүзіне танытуда. Бұл төл тарихымыз бен мәдениетімізге әлем халықтарының қызығушылығын арттырады, Қазақстанның бірегей бет-бейнесін  қалыптастырады", - деді Мемлекет басшысы.    

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети