Тоқаев Ұлттық геологиялық қызмет құруды тапсырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ұлттық геологиялық қызмет құруды тапсырды Фото: Ақорда сайтынан

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық геологиялық қызмет құруды тапсырды. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық геологиялық қызмет құруды тапсырды. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2025 жылға қарай орта мерзімді мақсат - өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге, 24 миллиард долларға жеткізу. Ал, еңбек өнімділігін 30 пайызға дейін арттыру. Геологиялық білім төмен деңгейде. Инвесторлардың сапалы идеологиялық ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту қажет. Бұл үшін ведомствоға бағынышты ұйым негізінде тиімді Ұлттық геологиялық қызмет құру керек", - деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, бұл ұйым "жер қойнауына кімді және қалай кіргізуді шешетін монополистке айналмауы керек". Ұйымның ролі - инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету.

"Жер қойнауын пайдалану саласы, әсіресе геологиялық барлау мен жер қойнауын кешенді зерттеу тұрғысынан жаңа серпінге мұқтаж. Ұлт жоспары бойынша басталған реформалар іс жүзінде аяқталуы тиіс. Геологиялық ақпараттың ашық цифрлық базасы құрылуы керек. Оған инвесторлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Жер қойнауы - ұлттық қазына", - деп түйіндеді Президент.

Жолдауды тікелей эфирден мына жерден қарай аласыз.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети