Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президентін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президентін қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы былтыр жаңа мәртебе берілген Ұлттық Ғылым академиясы отандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіріп, ғылым мен экономикаға нақты пайда әкелетін жаңалықтар енгізуге ерекше мән беруге тиіс екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының жаңа мүшелерін сайлау процесін жеделдету, Академия жұмысына талантты жас ғалымдар мен жаңа мамандарды кеңінен тарту қажет екеніне назар аударды.

Сонымен қатар Президентке Ақылбек Күрішбаев өзі басқаратын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми зерттеулерін және агроөнеркәсіп саласын жетілдіруге бағытталған жұмыстарын таныстырды.

Мемлекет басшысының пікірінше, оқу орнына зерттеу университеті мәртебесінің берілуі аграрлық сектордағы ғылыми әзірлемелерді нақты өндіріске енгізуге, ғылыми зерттеулердің нәтижесін коммерцияландыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа міндеттерді ескере отырып, Ұлттық ғылым академиясын дамыту стратегиясы мен жұмыс жоспарын пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаған Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру маңызды екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети