24 мамыр 2019 | 14:51

Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшелері, ұлттық компаниялар мен еліміздің бизнес өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік компаниялардың құрылуына мораторий жариялады. 

"Үкіметке қыркүйек айына дейін мемлекеттік компаниялардің қызметіне ревизия жүргізуді тапсырамын. Сөйтіп, олардың санын қысқарту жөнінде ұсыныс күтемін. Ал бүгін экономикада жаңа мемлекеттік компаниялардың құрылуына мораторий жариялаймын. Бұл жеке бизнестің дамуына мол мүмкіндік ұсынады", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жеке бастама мен еркін кәсіпкерлік - экономиканы дамытудың және еліміздің әл-ауқатын арттырудың негізгі факторлары екенін атап өтті. Бұл факторлар бүгінгі отырыс тақырыбының "Кәсіпкерлікті дамыту - ел экономикасын жаңғыртудың негізі" деп аталуына түрткі болғанын айтты.

"Былтырғы жыл біздің бизнес үшін табысты болды. Нақты жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 11 пайызға көбейіп, 1,3 миллионға жетті. Шағын және орта бизнес өндіретін өнім көлемі 14 пайызға артып, 26,5 триллион теңге болды. Экономикадағы бұл саланың үлесі өткен жылғы көрсеткіш бойынша 25,6 пайыздан 28,3 пайызға дейін өсті. Бұл жаман көрсеткіш емес. Қазақстанда бұрын өндірілмеген 500-ден астам өнім түрлері шығарыла бастады. Экспорттың таралым аумағы кеңеюде, отандық өнімдер әлемнің 120 елінің нарығына жеткізілуде. Бірақ жетістіктермен бірге бірқатар шешімін күткен мәселе де бар. Бұл- іскерлік ахуал, тауарларды өткізу нарығы, қаржыландырудың қолжетімділігі сияқты мәселелер, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


© akorda.kz

Қазақстан Президенті қолайлы іскерлік ортаны, бизнеске тиімді қолдау көрсетуді және бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндетті белгілеп берді. Баяндамада Қазақстан компанияларының қаржылық тұрақтылығын арттыру және отандық кәсіпкерлердің бизнес-дағдысы мен құзыретін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары басшылығы отандық бизнеспен жүйелі диалог жүргізу үшін Ұлттық инвесторлар кеңесі тұрақты жұмыс істейтін алаң болуы тиіс екенін айтып, Үкіметке Кеңес жұмысының жаңа форматын бекіту жөнінде жарлық жобасын әзірлеуді тапсырды.

Баяндаманың толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети