24 қаңтар 2020 11:11

Тоқаев: Ұлттық қор - баламасы жоқ институт, басқасына рұқсат жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың баламасы жоқ институт екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың баламасы жоқ институт екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

"Ұлттық қордың баламасы жоқ институт екенін атап өткім келеді. Қосымша қандай да бір қор құруға болмайды және оған рұқсат жоқ. Меніңше, бұл міндет үкіметке де, ұлттық қорға да және қайта құрылған агенттікте де жүктеледі. Ұлттық қор - өзіндік бірыңғай институт", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети