29 қаңтар 2021 19:17

Тоқаев ұлттық санақ бойынша тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес отырысын өткізіп, онда ұлттық санақ бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес отырысын өткізіп, онда ұлттық санақ бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық халық санағын ұйымдастыру мәселесі туралы айта отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ауқымды іс-шара  ең маңызды талдамалық деректерді, соның ішінде халықтың нақты саны, оның жасы, жыныстық құрамы, урбанизация дәрежесі, табыс деңгейі және басқа да ақпараттарды алуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Бұл тексерілген, ақпараттандырылған басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет екенін айтты.

Сондықтан Президент сауалнамалар мазмұны жоғары болуы маңызды екенін атап өтті. Сонымен бірге, ол сандық технологияларды кеңінен қолданып, азаматтарды көп сұрақпен мазаламай, халық санағына оңтайлы келу керегін атап өтті, бұл пандемияда мүмкін шектеулерді ескере отырып ерекше маңызды екенін ескертті.

Мемлекет басшысы премьер-министр бірінші орынбасарының төрағалығымен санақты дайындау мен өткізудің негізгі ұйымдастырушылық-мазмұндық мәселелерімен айналысатын арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.

Санақ биыл қазанда өткізіліп, 2022 жылдың ортасына дейін Үкімет соңғы мәліметтерді жариялауы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети