Тоқаев Вагит Алекперовті қабылдады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Вагит Алекперовті қабылдады

Мемлекет басшысы "Лукойл" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Лукойл" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай компаниясының Қазақстандағы атқарып жатқан жұмыстарының қорытындылары және көмірсутегі секторындағы бірлескен жобаларға қатысты жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді.

Вагит Алекперов Қазақстан Президентіне "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен "Лукойл" жария акционерлік қоғамы арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

"Жеңіс" және "Әл-Фараби" жобалары аясындағы жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттар жасалып, жұмыстар басталғаны белгілі болды.  Сондай-ақ, "Лукойл" мұнай компаниясы - "Қаламқас-теңіз" бен "Хазар" теңіз кен орындарын игеру жөніндегі стратегиялық серіктес.

Мемлекет басшысы қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыруға қазақстандық компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарын барынша тарту маңызды екенін айтты.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети