Тоқаев: Вакцина - пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Вакцина - пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай вакцинациялауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай вакцинациялауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина - пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын", - деп жазды Тоқаев Twitter желісінде.

Айта кетейік, бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау басталды. Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтанның № 6 қалалық емханасында "Спутник V" вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды.

Коронавирусқа қарсы вакцинация: ең маңызды сұрақтардың жауабы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети